Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 27 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар  өткізіледі: температура 3 градус, жел 6-13 м/с

 


 

Кәсіп-Жетістік -2017

IMG 20171204_165330_1

   

 

 «Үміт» балалар үйінде балалар және жастар үйлерінің педагогтары арасында әлеуметтік – тұрмыстық дағдыларды қалыптастыру бойынша үздік ашық сабақ «Кәсіп-Жетістік -2017» педагогикалық сайысы басталды. Сайыстық іс-шара шеңберінде жастар үйінің педагогтары жастар үйі түлектерінің жұмысқа орналасу, отбасын құру, іскерлік серіктестермен байланыс кезінде білуі керек болатын өзекті мәселелерді таңдапты. Барлық сабақтар әлеуметтік серіктестердің қатысуымен өткізілді. Психолог А.Р. Кудушева сабағын «Жұмысқа орналасу» тақырыбында имитациялық ойын түрінде өткізді. Тәрбиеленушілерге «Кәсіби түйіндеме. Кәсіби білім және жұмысқа орналасу үшін өзіңді ұсыну түрлері» тақырыбында әлеуметтік ролик көрсетілді.
 ЖБДО-дан келген қонақтар А. Ж. Бескарина және Е. М. Егубаеваның қатысуымен жұмысқа орналасу бойынша әр – түрлі жағдаяттар ойнатылды. Тәрбиеленушілер өз бетінше газет, интернет, жұмыспен қамту орталықтары арқылы бос орындар туралы ақпараттар жинады. Ойынға қатысушылардың барлығы түйіндеме жазып, әңгімелесуден өтті. Қонақтар осы мәселе бойынша балалардың білім деңгейі жоғары екендігін атап өткені қуанышты жағдай болды. Ойын барысында тәрбиеленушілер жұмысқа орналасу кезеңдері туралы білімдерінің жеткілікті екендігін көрсетті. Бүгінгі нарық заманында кәсіби дайындығы жоғары, қарым –қатынас дағдыларын меңгерген, еңбек жағдайының өзгеруіне тез бейімделетін, әңгімелесуді сәтті өткізе алатын, жұмыссыздық жағдайда бәсекелесе білетін адам ғана жеңіске жете алады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер