Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 24 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура 0 градус, жел 5-13 м/с.

 


 

Ғылыми жобалар облыстық конкурсы тестілеуінің қорытындысы

 

 Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында 2017 жылғы 5 желтоқсанда өткізілген республикалық ғылыми жобалар конкурсы облыстық кезеңінің ІІ турына (тестілеуге)146 оқушы 111 жобамен қатысты.
 Тестілеу он-лайн режимінде республикамыздың барлық аймақтары мен Астана,Алматы қалаларында, республикалық білім беру ұйымдары мен «Назарбаев Зияткерлік мектептерінде бір мезгілде өткізілді.
 Тестілеу басталар алдында әр қатысушыға логин және пароль берілді. Тестілеуге 120 минут бөлінді, әр секция бойынша үш деңгейлі күрделілікте 60 тапсырма (І деңгей – 20 тапсырма (1 ұпай), ІІ деңгей - 20 тапсырма (2 ұпай), ІІІ деңгей - 20 тапсырма (3 ұпай).
 Республикалық конкурсқа қатысу үшін жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндері бойынша сараптамаға 41 оқушының 33 жұмысы жіберілді. Сараптама қорытындысы ақпан айының басында белгілі болады.
 Тарих, өлкетану, этномәдениеттану, әдебиет, тіл білімі, адам және қоғам секцияларында ең жоғары ұпай (облыстық кезеңінің екі тур ұпай жиынтығы бойынша) жинаған 17 оқушы 12 республикалық ғылыми жобалар конкурсына сараптамасыз қатысады.
 «Тарих» секциясында:«Жас дарын» мамандандырылған мектебінің оқушылары Мусин Тлеухан, Катбек Рахат; «Адам және қоғам» секциясында: Абай атындағы №10 лицей-мектебінің оқушысы Аманбаева Дина және облыстық көп салалы лицейінің оқушысы Жетписов Адильхан; «Өлкетану» секциясында: Ақсу қ. гимназиясының оқушысы Боранбай Бихан және №3 гимназия оқушылары Аверков Владислав, Фролова Валерия; «Әдебиет» секциясында: «Жас дарын» мектебінің оқушылары Қабидолла Аружан,  Кенжехан Айдана және  Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның оқушысы  Әмірқұмар Медхат;«Тіл білімі» секциясында: Павлодар қ. №16 лицей-мектебнің оқушысы Мельник София және«Жас дарын» мектебінің оқушылары Сунчалиева Аяна, Шорман Мария; «Этномәдениеттану» секциясында: Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының оқушылары Жанбау Марғұлан, Мұхаметхан Адияжәне  «Білім-инновация» лицейінің оқушылары Серік Камила, Копеева Арнай.

 

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер