Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Успен аудандық «Бала барысы - 2017» қазақша күрестен ашық біріншілік

   Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Рухани жаңғыру бағдарламасы шеңберінде 2017 жылғы 9 желтоқсанда балалар жасөспірімдер спорт мектебінің базасында Успен аудандық қазақша күрестен ашық біріншілік өтеді.
Іс-шара мақсаты ұлттық спорт түрін дамыту және көпшілікке тарату, патриоттық сана-сезімге, салауатты өмір салтын насихаттауға тәрбиелеу болып табылады.
Успен ауданының қазақ күресі Федерациясы, аудандық прокуратурасының, қолдауымен өтетін ұлттық ойын түрі Павлодар облысының барлық аудандарымен, шекаралас облыстардың қатысуына мүмкіндік туғызды. Осы шараның өтуіне демеушілік танытқан «БИК» ШҚ, «Алдияр» ШҚ, «Рысмағамбетов» ШҚ, «Егімбай» ШҚ, «Дархан» ШҚ және «Ажболат» ЖШС болды. Ашық біріншілікке қатысуға белсенділік танытқан аудандар тарапынан өтініш білдірушілер басым болды. Успен ауданының ашық біріншілігіне Ақтоғай, Қашыр, Лебяжі, Шарбақты, Ертіс, Павлодар аудандары, Екібастұз қаласы және Шығыс Қазақстан облысынан 13 салмақ дәрежесі бойынша 172 жас палуандар сынға түспек.
Қазақша күрестің басқа күрес түрлерінен өзіндік ерекшелігі мынада, бұл жерде жеңіске жету зеректік және шеберлік үйлескен жағдайда ғана физикалық күш пен жылдамдық әсері талап етеді. Қазіргі кезде қазақша күрестің ұлттық өзіндік ерекшелік элеменеттері сақталғандықтан, күрес өнері әлемінде прогрессивті бағытын ескере отырып, оның келешекте дамыуына ықпал етеді.
Түпкі негізі ежелден бастау алған ұлттық күрес, аудандық жасөспірімдер арасында даусыз кең таратылуда және халықаралық жарыс деңгейінде болашақта көтерілеміз деп, - біз үміттенеміз.
Төрешілер құрамында Павлодар облысының танымал балуандары бар, «Барыс» облыс чемпионатының қазақша күресі бойынша үш мәрте жеңімпазы, спорт шебері, халықаралық санаттағы төреші Дархан Жоламанов және қазақша күрестен облыс чемпионы, қазақша күрес бойынша Қазақстан Чемпиотанатының қола жүлдегері Еркін Камшатов. Турнир жеңімпаздары естелік сыйлықтар мен мадақтамалар марапатталады.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер