Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Тәуелсіздік балалары

IMG-20171212-WA0013

    

 

  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде, Тәуелсіздік күнін атап өту қарсаңында 12 желтоқсанда облыс арнайы білім беру ұйымдарының оқушылары арасында «Тәуелсіздік балалары» облыстық суреттер конкурсының соңғы кезеңі өтті.
  Конкурс ұйымдастырушысы облыс ішкі саясат басқармасы, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, «Жасыл ел» облыстық штабының қолдауымен білім беру басқармасының Павлодар ауданы психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті болды.
  Шараға облыстық мәслихат депутаттары, облыс әкімі жанындағы жастар саясаты бойынша кеңес өкілдері, педагогтар, үкіметтік емес ұйымдар өкілдері қатысты.
  Азаматтық пен патриотизмді тәрбиелеу, дарынды балаларды қолдау және олардың танымдық қызығушылығын арттыру аталған шараның негізіне айналды.
  Конкурс Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында суреттер көрмесімен аяқталды және үздік шығармашылық жұмыстар салтанатты түрде марапатталды. Әр қатысушы сертификат иеленді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер