Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Республикалық «Аламан» фестивалі

13122017-5665

   
  2017 жылғы 7-8 желтоқсанда Астана қаласының Оқушылар сарайында «Мәңгілік ел жастары – индустрияға!» - «Серпін» бағдарламасы бойынша білім алушылар, Қазақстанның студенттері қатысқан республикалық «Аламан» фестивалі өтті.
   Фестиваль шығармашылықпен ойлайтын, белсенді, талантты жас адамдардың нағыз мерекесіне айналды. Вокалдық, би нөмірлері, аспаптық музыка, терме – мұның бәрі орасан гала-концерт!
     Біздің өңіріміздің намысын Павлодар көлік және коммуникациялар колледжінің студенттері Орынбасар Айбек және Берік Ақселеу, сондай-ақ Павлодар бизнес колледжінің студенттері Малик Жанат, Шері Аяжан қорғады.
   Шері Аяжан «Жалынды сардар» номинациясында жеңімпаз атанса, «Шынықсаң, шымыр боласың!» номинациясында Малик Жанат, Орынбасар «Жайдарман» номинациясында Айбек және Берік Ақселеу үздік деп танылды.
   Қазақстанның басқа өңірлерінің студенттері кезекті қарым-қатынас жасау, республиканың өзге оқу орындарында оқитын құрдастарымен танысу, сондай-ақ келесі конкурстар мен фестивальдер үшін қуат жинап, позитивті және бірталай жаңа идеялар алу мүмкіндігін иеленді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер