Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Бірінші республикалық эссе конкурсына павлодарлық оқушылардың табысты қатысуы

01-news-banner

   Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі 2017 жылғы 20 қыркүйек – 10 қазан аралығында Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Туған жер» бағдарламаларын іске асыруға бағытталған «Қабылдаған дұрыс шешімдерім – менің өмірлік ұстанымым» атты бірінші республикалық эссе конкурсын өткізді.
    Конкурсқа 8-11 сынып оқушылары, студенттер, мемлекет қызметкерлері қатысты. Павлодар облысынан 26 жұмыс қабылданып, сынақтан өткен 13 эссе республикалық ұйымдастыру комитетіне жіберілді.
    Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі – 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні өтті.
   Конкурс қорытындылары бойынша ҚР мәдениет және спорт министрі А. Мұхамедиұлының Алғыс хатымен 9 оқушы марапатталды: Ақсу қаласының Достық орта мектебінің 8-сынып оқушылары Молдаханқызы Акмарал, Жапарова Аяна; Ақсу қаласының №8 орта мектебінің 8-сынып оқушысы Паустьянова Дарья, лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Шестакова Дарья; Екібастұз қаласының №1 лицей-мектебінің 9-сынып оқушысы Гайнуллина Карина; Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушысы Забелина Анастасия; облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған лицей-интератының 10, 11 сынып оқушылары Садыкова Ажар, Нурмухамбет Ерасыл; Успен ауданы Лозовская орта мектебінің 11-сынып оқушысы Жакажанова Жулдыз; Ертіс ауданы №2 орта мектебінің 10-сынып оқушысы Баянбау Уміт.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер