Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

meteo-front

Сабақтың тоқтатылуы жайлы ақпарат:

2020 жылғы 24 қаңтарда 2 ауысымда сабақтар өткізіледі: температура 0 градус, жел 5-13 м/с.

 


 

Этномәдени бірлестіктердің патриоттық әндер фестивалі

1


     

   Павлодар қаласы колледждерінің студенттері «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Павлодар қаласының этномәдени бірлестігінің жастары арасында Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған «Әнімді саған арнаймын, Қазақстан!» патриоттық әндердің музыкалық фестиваліне қатысты. Фестиваль Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналып, жастарды патриоттық тәрбиелеуге, туған еліне – Қазақстанға деген махаббатқа, бейбітшілік пен келісімді нығайтуға бағытталған.
    Студенттерді қазақстандық авторлардың патриоттық әндерін өзге ұлт өкілдерінің орындауы, әртістердің ұлттық костюмдері мен фестивальдің ұйымдастырылуы таң қалдырды.
   Колледж студенттері музыкалық фестивальге қатысып, патриоттық әндерді насихаттау Отанға деген адалдық рухында және онда тұратын халықтардың бірлігі өскелең жастарды тәрбиелеу деңгейін арттыруда үлкен рөл атқарады деген түйін шығарды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер