Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Облыстық мұражайдағы балалар шығармашылығының көрмесі

IMG 2926

 
  

   Астана қаласының 20 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар бастау алды. Павлодар қаласының мектепке дейінгі мекемелерінде «Қазақ халқының халық-қолданбалы өнері» тақырыбында балалар фестивалі өткізілді.
Балалар фестивалінің салтанатты ашылуы 2017 жылғы 7 желтоқсанда облыстық бейнелеу өнері мұражайында өтті. Балабақшалар тәрбиеленушілері түрлі тақырыпты – жыл мезгілін, әйел жасын, аймақтық ерекшелігін, мәртебесін бейнелей отырып, бас киімдердің салтанатты презентациясын ұсынды. Ұлттық киім – тарихи дереккөздердің бірі, Қазақстанның ұлттық мәдениетінің тірегі болып саналады. Қазақстанның әр алуан және мол табиғаты қазақ халқының ұлттық киіміне маңызды және түстік бейнесінің дамуы мен қалыптасуына әсер етті.
   Фестиваль шеңберінде мұражайда қалалық № 21, 35, 38, 40, 51, 122 сәбилер бақшаларының тәрбиеленушілері жасаған «Saү’keleli qazaqtyn qyzdary» балалар шығармашылық жұмыстарының көрмесі ашылды. Көрме 2017 жылғы 15 желтоқсанға дейін жалғасады. «Рухани жаңғыру» жобасын іске асыру шеңберінде «Павлодар қаласының тұрақты тұрғылықты тұратын орындары жоқ балалы әйелдерді әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы» Павлодар қаласының №49 сәбилер бақшасы тәрбиеленушілерінің қатысуымен театрландырылған қойлымдар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Қазақ халқының халық-қолданбалы өнерін, рухани-өнегелі құндылықтарын жаңғырту және сақтау, балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында № 33 сәбилер бақшасында «Жігіт сұлтаны» атты балалар конкурсы өткізілді. Конкурсқа Павлодар қаласының № 4, 8,  16, 18, 33, 20 сәбилер бақшаларының ер балалары қатысты.
  Павлодар қаласы білім беру бөлімінің мектепке дейінгі мекемелер секторының меңгерушісі Бахыт Кайрулловна Крыкбесова: «Бүгінгі күні өзіндік мәдениетке деген қызығушылық жыл сайын неғұрлым өзекті болып саналады. Ұлттық киімге деген құрметті және қошеметті көзқарас – халық даналығының, болашаққа деген қамқорлықтың, төл мәдениетімізді қайта құру және жаңғыртудың белгісі» - екенін атап өтті.

IMG 2927

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер