Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодарлықтар Нидерландыдан жүлдемен оралды

   

  Неймеген қаласында (Нидерланды) 2017 жылғы 3-12 желтоқсанда өткізілген XIV Халықаралық жаратылыстану-ғылыми жасөспірімдер олимпиадасына 48 елдің өкілдері қатысты.
   Қазақстан Республикасының командасындағы алты оқушының үшеуі –Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған №8 лицей-мектебінен. Барлық қазақстандық оқушылар қола медальды жеңіп алды.
Олимпиада теориялық, тәжірибелік және эксперименталдық кезеңдерден құрастырылған. Қатысушылар тест сұрақтарына жауап берумен қатар биология, химия және физика пәндерінен тапсырмаларды орындады.
   Драганчук Антон, Джумадиев Жанибек және Черданцев Владислав қола жүлделері – олардың тәлімгерлері Билида Анатолий Николаевичтің, Молокова Ирина Николаевнаның, Колдашева Оксана Владимировнаның, Владющенкова Анна Аркадьевнаның, Синицына Ирина Юрьевнаның жетістігі.

985410

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер