Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

Жүз сұраққа – жүз жауап

svsoҚұрметті сайт пайдаланушылары, бұл айдарда 32-12-42 сенім телефонына жиі келіп түскен сұрақтарды жинадық. Барлық мазалаған сұрақтарыңызға жауап алатындарыңызға сенімдіміз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

   22 қаңтарда 2 ауысымда 1-11 сыныптарында, 1 курс колледж студенттері үшін сабақтар өткізілмейді: температура - 36 градус, желдің жылдамдығы 4 м/с 

 


 

Әке-шешесі қайтыс болған жетім бала балалар үйіне орналастырылған жағдайда, оның ата-анасынан қалған пәтерге  кім ие болады?
 
Баланы интернаттық мекемеге орналастырғанда оның ата-аналары жоқ болса қамқоршылық және қорғаншылық органы бала тұрған үйді пайдалануға, ол 18 жасқа толып балалар үйінен шыққанға дейін, тыйым салынады. Тұрғын үй жалға берілуі мүмкін және алынған ақша баланың банктік шотына аударылады, сондай-ақ үйдің коммуналдық төлемдеріне жұмсалады. Бала қамқорлыққа/қорғаншылыққа берілген жағдайда кәмелетке толмаған баланың қамқоршы/қорғаншысы қамқорлығындағы баланың жеке және мүліктік құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді де жүзеге асырады. Неке және отбасы туралы Заңның 114 б. сәйкес қамқоршының қамқоршылық және қорғаншылық органдарының алдын ала рұқсатынсыз қамқорлығындағы баланың мүлкін өзгеге беруге (сатуға), айырбастауға және сыйлауға құқы жоқ. Сондай-ақ кепілгерлік шартын жасауға, жалға беруге, кепілге беруге, яғни, қамқорлығындағы баланың мүлкінің жоғалуына немесе азаюына әкеліп соғатын мәмілелер жасасуға құқылы емес. Қамқоршы мәмілелер жасасу арқылы тапқан қаржының қалай жұмсалу керектігін қамқоршылық және қорғаншылық органы анықтайды.

 


Бала асырап алушыларға қандай материалдық көмек қарастырылған?

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 шілдедегі «Жетім бала және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап алуға байланысты біржолғы төлем мөлшерін тағайындау және кері қайтару Ережелерін бекіту туралы» № 718 қаулысы негізінде баланы 2015 жылы асырап алған Қазақстан Республикасы азаматтары  75 АЕК көлемінде біржолғы жәрдемақы алады.

 

Жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-баққаны үшін қамқоршыларға қандай көмек қарастырылған?

 

Жетім балалар мен ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап-бағуға қамқоршыларға төленетін жәрдемақы көлемі 10 АЕК.

 

Қамқоршының қандай құқықтары бар?

 

Тәрбие беру, оқыту және баланы асырап-бағуға мәселелерінде қамқоршының барлық құқықтары бар. Бұл ретте бала өз есімін қалдырып,  өз тегінде және өз әкесінің атында қалады. Қамқоршы жылына бір реттен кем емес қамқоршылық және қорғаншылық органына қамқорлығындағы баланың денсаулық жағдайы және оны тәрбиелеудегі атқаратын жұмыстар туралы, сондай-ақ оның мүлкін басқару (бар болған жағдайда) жөніндегі есепті ұсынуға міндетті.

 

Бала асырап алушы үміткерлер бала туралы қосымша ақпарат алуға құқылы ма?

 

Бала асырап алушы үміткерлер бала туралы егжей-тегжейлі ақпаратты және оның туыстарының бар/жоғы туралы мәліметті алуға, бала бар мекеме өкілінің қатысуымен асырап алынатын  баланың тәуелсіз медициналық куәландыруын жүргізу үшін медициналық мекемеге жүгінуге құқылы;

 

Кәмелетке толмағандар қай жастан бастап жұмыс істеуге құқықтары бар?

 

Балалар ата-аналарының рұқсатымен он төрт жастан бастап сабақтан тыс уақытта денсаулық жағдайы мен дамуына жарайтын, дене бітіміне, рухани және психикалық денсаулығына зиян келтірмейтін қоғамға пайдалы еңбекке қатысуына, сондай-ақ кәсіпті меңгеруге құқығы бар. Бұл қызметті тұрғындарды жұмыспен қамту қызметі және жергілікті мемлекеттік басқару органдары қамтамасыз етеді

 

Жоғары оқу орнына түсер кезде мектеп-интернат бітірушісі үшін қандай да бір жеңілдіктер бар ма?

 

Мектеп-интернаттың бітірушісі ҰБТ қорытындысы бойынша грантты беру конкурсына қатыса, жетім немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала ретінде жеңілдігі бар, бұл жеңілдік жыл сайын жоғары оқу орындардың қабылдау комиссияларында бар Республиканың жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерінде жазылады. Сонымен қатар егер сіз республикалық конкурстан өте алмай қалсаңыздар облыс әкімінің грантын беруге әлеуметтік қорғау органдарына құжат тапсыруыңызға болады.


 
 

 

 

temp-kaz

 

ҰБТ-ның жаңа форматы