Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Дінислам Болатханұлы - білім беру басқармасы басшысы


    Дінислам Болатханұлы 1978 жылы туған. 1999 жылы «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетін, ал 2002 жылы – Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2007 жылы филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесі берілді. 2011 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Қазтұтыну одағы Қарағанды экономикалық университетінің түлегі атанды.
     Еңбек жолын 1999 жылы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің оқытушысынан бастады.
    2002 жылы Қ.А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің түркітану факультеті деканының орынбасары, оқытушысы болып жұмыс істеді. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінде бас маман, сарапшы, басқарма бастығы, жоғары және жоғары білімнен кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2011 жылдан – Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының бірінші проректоры. 2014 жылдан – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Білім беру, ғылыми қызмет және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры. 2016 жылдан – Астана қаласының білім саласындағы бақылау департаментінің басшысы. 2017 жылдан Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары.
   2017 жылғы 14 желтоқсаннан бастап Павлодар облысының білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушысы болып тағайындалды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер