Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

«Рухани жаңғыру»

 

Павлодар облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 108 жоба ендірілуде. «Тарих толқынында» жобалары бірінің үйлестірушісі болып білім беру басқармасымен бірлесе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы табылады. Жоба шеңберінде облыстың барлық мектептерінің тарихы туралы кітаптардың жариялануы жоспарланып отыр, ал облыс мектептерінің саны – 372. Аталмыш жобаның авторлары – білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымдары, ардагерлері мен түлектері.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні қарсаңында өткен облыстық жастар форумындағы қатысушыларының бастамасы да қызығушылық танытса керек: Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ғалымдарымен бірлесіп, рухани тәрбие беру мақсатында ауылдық жерлердегі мектеп оқушыларымен кездесулер өткізу жобасын жүзеге асыру. Мұндай кездесулер жас буын өкілдерінің туған жерге деген ыстық сезімдерін дарытып, оның тарихын таныта отырып, педагогикалық мамандықты насихаттайды.
Ағымдағы жылдың желтоқсан айында кезекті Атқару комитетінің отырысында Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының Павлодар облыстық ұйымы 2018 жыл бойы өтетін кәсіподақтар жобасы конкурсын өткізу туралы мәселе талқыланды. Конкурсты өткізу идеясы өз алдына қыркүйек айында ұйымдастырылған панельдік сессиядағы Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласын талқылау барысында пайда болды. Кәсіподақ көшбасшылары аталмыш жұмысты жан-жақты талдай отырып, бастауыш ұйымдарда, сонымен қатар аудандық, қалалық және облыстық деңгейдегі жұмысты жетілдіру үшін жаңа инновациялық технологияларын ендіру қажеттігі туралы пікірлерін білдірді.
Атқару комитетінің қаулысын жүзеге асыру мақсатында кәсіподақ жұмысына проектілі (жобалық) менеджментті ендіру жөнінде семинар өткізілді. Қоғамдық бірлестік филиалдарының төрағалары мен төрайымдарының алдында басқару менеджментінің қағидаттары мен жобаларын жасаудың технологиялары жайлы ақпаратты талдаумен Павлодар облысы ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Нұрланұлы Дәуенов сөз сөйледі.
Ал облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мамандары кәсіподақ жобасын жасау туралы тәжірибелік жұмысын жүргізді. Кәсіподақ жобасы – кәсіподақ ұйымдары жұмыстарының инновациялық түрі, кәсіподақ қозғалысын модернизациялаудың жаңа амалдарын іздестіру, қалалық, аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының имиджі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Бұл конкурс кәсіподақ мүшелігіне ынталандыруды арттыру, сала қызметкерлерінің әлеуметтік және еңбек құқықтарын қорғау жөніндегі жұмыстарын жетілдіру мен жаңашаландыруды қажет ететін ұйымдарда өткізу жоспарланып отыр.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер