Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

   19 қаңтарда 2- ауысымда  сабақтар өткізіледі: температура -17 градус, желдің жылдамдығы 0 м/с 

 


 

«Жаңашыл мұғалім-2018» конкурсына қатысуға шақырамыз

 

Bilim Media Group компаниясы мұғалімнің әлеуметтік және кәсіптік беделін көтеру, педагогикалық инновацияларға қолдау көрсету, цифрлық технологиялар қолданылған педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау және тарату мақсатында мұғалімдер арасында «Жаңашыл мұғалім» атты конкурсын жариялады.
Конкурстың басты шарттарының бірі білім берудегі АКТ-ды қолдану барысында мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін, кәсібилігін арттыру болып табылады.
Бұл конкурс 2015 жылдан бастап дәстүрлі түрде орындалып келеді. Конкурс жеңімпаздары арнайы дипломдармен, сертификаттармен, құнды және ақшалай сыйлықтарға ие болады.
Конкурс барысында мұғалім-новаторлар ақпараттық технологияларды сабақ барысында қолданудың өзектілігі мен ерекшеліктерін көрсетеді.

Білім беру мекемелерінің барлық ұстаздарын осы конкурсқа қатысуға шақырамыз.
Конкурс екі турда өтеді:
1 тур: 4.12.2017 – 28.01.2018
2 тур: 19.02.2018 – 22.04.2018

«Жаңашыл мұғалім» конкурсының ережелері

 

 

temp-kaz

 

ҰБТ-ның жаңа форматы