Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Павлодар қаласының әкімі атынан Жаңа жылдық шыршасы

   25 желтоқсан күні «Ертіс» қонақ үйі кешенінде Павлодар қаласының әкімі Н. К. Әшімбетовтің қатысуымен «Астана - менің мақтанышым» атты Жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
Шырша қатысушылары - жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Жаңа жыл мерекесі қатысушыларының жалпы саны 9 - 13 жастағы 150 бала. Жаңа жылдық шырша қатысушыларының барлығы алғашқы рет ноутбук, сонымен бірге тәттілер кіретін сыйлық жиынтығын алды.
Балаларды ертегі кейіпкерлері Таңшолпан, жас сұлу Астана құттықтады, балалар Аяз ата мен Ақшақарды кездескендеріне қуанды. Жаңа жылдық мереке соңында мерекелік ас болды, содан кейін балалар мультфильм көруге «Ертіс Синема» кинотеатрына барды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер