Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Жаңа жылдық тосын сый!

IMG 5829

  

   «Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған № 2 Песчан арнайы жалпы білім беру мектеп-интернаты» КММ 100 тәрбиеленушісі үшін естен кетпейтін мереке «ГФ «Дегдар» ҚҚ гуманитарлық қорының өкілдері Жанат Сексенбаев және Ренат Омаровпен кездесу өтті. Қордың өкілі Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаева болып табылады.
   Жаңа жыл қарсаңында гуманитарлық қор әр балаға өзі армандаған сыйлықты, ал мектеп-интернатқа ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды дамыту үшін Монтессори кабинетін сыйға тартты.
    Кездесу мектеп-интернаттың балалары мен ұжымға жақсы әсер қалдырды. Мектеп басшысы Ляззат Исакаева тәрбиеленушілер мен педагогтар атынан «ГФ «Дегдар» ҚҚ гуманитарлық қорының төрайымы Дариға Нұрсұлтанқызы Назарбаеваға көңіл аударғаны үшін және қамқорлығы үшін ризашылығын білдірді.
    Жанат Толегенович балаларға сыйлықтарды тарту етіп, бұл соңғы кездесу еместігін және қордың ынтымақтастығы жаңа 2018 жылы да жалғасатынына уәде берді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер