Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Баянауыл ауданының әкімінің шыршасы

   Ш.Айманов атындағы мектеп-интернатында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған «Ертегілер әлеміндегі-Астана» тақырыбында аудан әкімінің шыршасы өтті. Жаңа жылдық шыршаға 57 мүгедек бала, жетім балалар, және ата-анасының қамқорлығысыз қалған 34 бала қатысты.
Ауданның белгілі кәсіпкерлері М.Т.Науразбаев, О.Р.Сартаев, А.Т.Агимбеков, А.Г.Сарбасов, А.А.Балтабаев демеушілік көмек көрсетті. Балаларға радио арқылы басқарылатын тік ұшақ, қуыршақтар, ықшам акустикалық жүйелер, шашқа сән беруші жиынтық, тәтті кәмпиттер салынған қорапшалар табыс етілді.
Аудан әкімі Оразгелді Әліғазыұлы Қайыргелдинов: «Осы ғажайып кезеңде барлық асыл армандарыңыз орындалсын. Жаңа жыл түні Сіздер үшін зор жетістіктерге қол жеткізетін, ой-мақсаттарды жүзеге асыратын, арман-үміттерін ақталатын жыл болсын»,- жылы лебіздерін білдірді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер