Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 

«Өзін-өзі тану» –рухани-адамгершілік тәрбиелеу бағдарламасы
pndv2


 

IMG 3036

     Ақсу қаласында балаларға арналған жаңа жылдық ертеңгіліктер басталды.
  2017 жылғы 21 желтоқсанда Ақсу қаласының әкімі Н.В. Дычконың жаңа жылдық шыршасы өтті, оған жетім балалар, ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар, аз қамтамасыз етілген отбасылардың балалары қатарынан 120 бала шақырылды.
Ақсу қаласының әкімі Николай Дычко балаларды келе жатқан жаңа жылмерекесімен құттықтады:
- Сендерге мықты денсаулық, сәттілік тілеймін! Жақсы оқыңдар! Дені сау, мықты азамат болып өсіңдер және біздіңеліміздің нағыз патриоттары болыңдар! Барлық арман-тілектерің орындалсын! Жаңа жыл құтты болсын!
Балалар Аяз ата және Ақшақармен бірге сиқырлы отпен жаңа жылдық шыршаны жақты. Әдемі жаңа жылдық костюмдер киген балалар ән айтып, би биледі, қала әкімімен бірге қол ұстасып шыршаны айналды.
Шырша аяқталғаннан кейін әр бала қала әкімінен жаңа жылдық сыйлық алды, сондай-ақ,балаларға жаңа жылдық мерекелік дастархан әзірленді.
Тлектес Салимхан, Ақсу қаласы № 7 орта мектебінің 1 «В» сынып оқушысы:
- Балаларға ұйымдастырылған қала әкімінің жаңа жылдық шыршасы өте ұнады. Бәрі керемет болды! Біз қала әкімінен сыйлықтар алдық. Сол үшін оған көп рахмет! Осы жаңа жылдық мереке менің есімде көпке дейін сақталады!

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер