Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

Ақтоғай ауданында жаңа жылдық шырша

DSC 0322

  2017 жылғы 27 желтоқсанда Ақтоғай ауданының Мәдениет үйінде аудан әкімінің атынан Жаңа жылдық шыршасы өтті, оған аудан мектептерінен 156 бала қатысты. Аз қамтылған отбасылардың, мүгедек, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар Шырша қатысушылары атанды.
   Аудан әкімі А.Амирин қатысушыларды Жаңа 2018 жылмен құттықтады.
 Жаңа жылдық мереке балалардың сүйікті ертегілері мен мультфильмдерінің кейіпкерлері (фиксиктар, смешариктер, қасқыр, әтеш, ит) қатысқан ертегі қойылымы негізінде өтті. Жаңа жылдық дәстүр бойынша Аяз ата мен Ақшақар балалармен бірге шырша шамдарын жақты. Шақырылған әр балаға аудан әкімінің сыйлықтары табысталды.
Жаңа жыл кешінің соңында костюмдер конкурсының қорытындысы шығарылып, рухани жаңғыру символын жаңа жылдық кастюм ретінде әзірлеген Ыдырысов атындағы орта мектептің оқушысы Мейрам Алишер I орынға ие болды. II және III орындарды Нығманов және Мүткенов атындағы ОМ оқушылары өзара бөлісті.
Жаңа жылдық шырша соңында балаларды мерекелік дастархан, естелік суретке түсу, тәтті сыйлықтар күтті.
Мереке көңілді, мазмұнды, тартымды өтті. Мереке өз мәресіне жетті.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер