Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Аудан әкімінің атынан жаңа жылдық шырша

IMG 1064

2017 жылғы 27 желтоқсанда №1 Успен ЖОМ базасында Успен ауданы әкімінің атынан жаңа жылдық шырша өткізілді. Аталған іс-шараға ауданның жетім балалары, әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың балаларына, сондай-ақ, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға дәстүрлі түрде ұйымдастырылады. Жалпы 5 және 13 жас аралығындағы 110 бала қатысты.
Балалардың жаңа жылдық қойылымының тақырыбы - «Біз Мәңгілік Ел боламыз!».Мерекенің негізгі идеясы – Астананың 20 жылдығы. Балалар үшін әсерлі театрландырылған көріністер мен тарихи және ертегі кейіпкерлерінің қатысуымен қойылымдар, музыкалық және би нөмірлері ұйымдастырылған.
Жаңа жылдық шыршаның соңында қатысушылар үшін мерекелік үстел қарастырылған. Әр балаға сыйлық және тәттілер табыс етілді.
Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасы Президентінің және облыс әкімінің атынан Жаңа жылдық шыршаға 22-27 желтоқсан күндері Павлодар қаласында өткізілген жаңа жылдық шыршаға Успен ауданынан 4 оқушы қатысты. Әрбір балаға бағалы сыйлық жәнетәттілер жиынтығы табыс етілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер