Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

IMG-20171225-WA0025

   2017 жылғы 25 желтоқсанда аудандық мәдениет үйінде Шарбақты ауданының балаларына арналған Әкім шыршасы өткізілді. Мерекелік шараға 300-ден астам бала қатысты. «Радуга» мектептен тыс жұмыстар орталығы 65-тен астам ертегі батырлары, бишілер және әншілердің қатысуымен «Күшіктер патрулінің Ақшақарды іздеуі» атты театрланған қойылым ұйымдастырды. Аяз-ата ертегілік сюжетке сәйкес, жоғалған сүйікті немересінің орнына Ақшақар рөліне кастинг өткізуді шешті. Осы рөлге сценарий бойынша әйгілі мульфильмдер мен ертегілердің батырлары қатысып, балаларға ән, би және көңіл сыйлады. Басты мәселені мерекенің сиқыршысы –Аудан әкімі Ақшақарды карнавалға қайтару арқылы шеше алды. Ол балаларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, оларға жақсы бағалар, денсаулық, бақыт және табыс тіледі. Шырша айналасында қол ұстасып ән айтып би билеумен Аяз-атаға тақпақ айтумен және көңілді ойындармен жалғасты. Мереке соңында аудан әкімі атынан тәттілермен сыйлықтар берілді.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер