Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560

Сабақ тоқтатылуы жайлы ақпарат

   19 қаңтарда 2- ауысымда  сабақтар өткізіледі: температура -17 градус, желдің жылдамдығы 0 м/с 

 


 

«Қамқорлық» акциясын өткізу туралы

 

   2018 жылғы қаңтардың 10-нан ақпанның 10-ы аралығында облыста «Қамқорлық» дәстүрлі республикалық акциясы өткізіледі.
  Акция мақсаты – әлеуметтіккөмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көп балалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылмаған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ кимідерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу.
  Акцияның басым міндеттері мектеп жасындағы балалардың оқуды тоқтатуға немесе олардың ұзақ уақыт сабаққа бармауына жағдай туғызған себептерді айқындау, дәлелсіз себептер бойынша сабаққа келмеуді алдын алу, сондай-ақ материалдық жағдайы төмен отбасыларда тұрып жатқан балалардың өмір сапасын жақсарту, жұртшылықты аз қамтылған және тұрмысы қолайсыз отбасыларға материалдық көмек көрсетуге бағытталған қайырымдылық қызметпен айналысуға тарту.
  Акция шеңберінде:
 - қадағалаусыз және панасыз қалған балаларды анықтау мақсатында ішкі істер бөлімініңқызметкерлерімен, білім беру, денсаулық сақтау, қоғамдық ұйымдар өкілдерімен, ата-аналар жұртшылығымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен рейдттер өткізу;
 - әлеуметтік жағынан аз қорғалған санаттағы балаларға, оның ішінде жалпыға міндетті оқумен қамту қорынан материалдық көмек көрсету бойынша шаралар қолдану.
  Жыл сайын акцияға қатысуға аз қамтылған отбасыларына көмек көрсететін мемлекеттік органдардың, бизнес құрылымдардың өкілдерінен, меценаттар мен демеушілерден тұратын қамқоршылар белсінділік танытады.

 

 

temp-kaz

 

ҰБТ-ның жаңа форматы