Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

Павлодар қаласының психологиялық-медикалық -педагогикалық кеңес

«Павлодар қаласының психологиялық – медициналық – педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Ашылу мерзімі:            2004 жыл
Кұрылтайшы:              Павлодар облысының әкімдігі
Мекен жайымыз:         Павлодар қаласы, Павел Васильев көшесі, 17 үй
Білім деңгейі:
Жоғары білімді:          13 адам – 100%
Сапалық құрылымы:
Жоғары санатты ұстаздар – 4;
Бірінші санатты ұстаздар – 1;
Екінші санатты ұстаздар – 1;
Жоғары санатты дәрігерлер – 1;
Бірінші санатты дәрігерлер – 2;
Қызметкерлер:
Басшы
Педагог – психолог
Сурдопедагог
Әлеуіметтік педагог
Мұғалім – дефектолог
Мұғалім – логопед
Дәрігер – невропатолог
Дәрігер – офтальмолог
Дәрігер – психиатр
Медициналық статистик
Регистатор
Есепші
Аудармашы
Ісжүгізуші

 Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №76/32004 жылғы 15 науырыздағы «Павлодар қаласының психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңесі» мемлекеттік мекемелерін құру туралы» Павлодар облысының әкімдігі қаулына сәйкес құрылды.
ПМПК келесі жұмыстар түрлерін атқарады:
1) 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің дамуындағы ерекшеліктерді анықтау, диагноз қою және емдеу, оқыту мен тәрбиелеуге қажетті жағдайларды белгілеу мақсатында психологиялық-медициналық-педагогикалық тексеруден өткізу;
2) балалардың қажеттілігін анықтау, олардың медициналық, арнайы білім беретін және әлеуметтік қызметтерді алу құқықтарын белгілеу;
3) баланың жағдайы өзгеруіне байланысты бұрын қойылған диагнозды және арнайы қызметтерді алуға құқықтарын растау, анықтау және өзгерту (қажет болған жағдайда);
4) қажеттілігіне қарай балалар мен жасөспірімдерді толық тексеруден және динамикалық бақылаудан өткізу үшін ғылыми-зерттеу, диагностикалық орталықтар мен өзге де емдеу-профилактикалық ұйымдарға жіберу;
5) балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық және әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныстар әзірлеу, оңалтудың жеке бағдарламасын құру, балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқытуды ұйымдастыру;
6) кәмелетке толмағандардың ата-аналарына немесе өзге де заңды өкілдеріне, педагогтарға, дәрігерлерге дамуында әртүрлі ауытқушылықтары бар (мектептегі үлгермеушілік, тәртібіндегі, ерік-өрісіндегі кемістіктері, қарым-қатынас жасауда қиыншылықтары бар, оның ішінде арнайы түзету ұйымдарында жіберуге жатпайтын) балаларды емдеу, тәрбиелеу және оқыту мәселелері жөнінде консультациялық көмек көрсету;
7) дамуында әртүрлі ауытқушылықтары бар, мамандандырылған көмекті қажет ететін балаларды, оның ішінде ерте жастағы балаларды (Мемлекеттік басқару органымен, облыстың халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтауды басқару органдарымен, қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып) уақытында анықтау;
8) мүмкіндіктері шектеулі балалар, олардың медициналық, арнайы білім беретін және әлеуметтік қызметтерге қажеттіліктері туралы (Мемлекеттік басқару органымен, облыстың, қалалар мен аудандардың халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтауды басқару органдарымен бірлесе) есептілікті есепке алу және жүргізу;
9) мүмкіндіктері шектеулі балалардың психо-физиологиялық жағдайы мәселелері жөнінде халықтың, облыстың, қалалар мен аудандардың білім беру, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау ұйымдарының қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу;
10) тәрбиелеу және оқыту үдерісінде балалар мен жасөспірімдердің даму серпінін зерделеу кезінде арнайы түзеу ұйымдарының педагогтарына әдістемелік көмек көрсету;
11) басқару органына мүмкіндіктері шектеулі балалар үшін арнайы түзеу ұйымдарының желісін дамыту жөнінде ұсыныстар енгізу Мекеме қызметінің мәні болып табылады.
12) сөйлеу, көру, есту бұзушылықтары, тірек-қозғалыс аппараты, эмоционалды-ерік саласы, оқуда, қарым-қатынаста, мінез-құлқы бұзылған балалар мен жасөспірімдерге психологиялық-педагогикалық түзеу және оңалту түрінде кешендік психологиялық- медициналық -педагогикалық көмек көрсету;
13) баланың мамандардың тәртіпаралық командасымен проблемаларын кешендік зерттеу (командалық бағалау) және баланың медициналық, психологиялық, түзету-педагогикалық, әлеуметтік көмекке зәруілдігі мен қажеттілігін анықтау;
14) баланың дамуының әлеуметтік жағдайы есебінде жеке даму бағдарламаларын дайындау және құру;
15) жеке, топ сабақтары түрінде түзеу-дамыта оқытуды өткізу;  
Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141000, Павлодар қаласы, П.Васильев көшесі, 17-үй.
Мекемеге балалар  мен жасөспірімдерді жіберу облыстың, қалалар мен аудандардың білім беру, халықты әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау ұйымдарының, сондай-ақ кәмелетке толмағандардың ата-аналары мен өзге де заңды өкілдерінің ынтасы бойынша келесі құжаттарды ұсынумен жүзеге асырылады:
1) ата-анасының және өзге де заңды өкілдерінің жеке куәлігі;
2) кәмелетке толмағандардың туу туралы куәлігі;
3) дәрігер-мамандардың қорытындысы мен баланың даму картасынан толық көшірмесі бар кәмелетке толмағандардың тексерістен өту нәтижелері;
4) кәмелетке толмағандардың эмоционалды жақтарын дамыту мен тәртібінің, үлгерімінің талдауы бар толық педагогикалық мінездеме;
5) мемлекеттік және орыс тілі, математика бойынша жазба жұмыстары, суреттер  және бала қызметінің басқа да өнімдері.
Кәмелетке толмағандардың ата-анасы мен өзге де заңды өкілдерінің ынтасы бойынша Мекемеге келген балалар мен жасөспірімдерді тексеру құжаттарды ұсынусыз да рұқсат етіледі.
Мекемеге балаларды қабылдау кәмелетке толмағандардың ата-анасы мен өзге де заңды өкілдерінің алып баруымен ғана жүзеге асырылады. Өз ынтасы бойынша келген жасөспірімдерді 14 жастан бастап қабылдау кәмелетке толмағандардың ата-анасы мен өзге де заңды өкілдерінсіз де рұқсат етіледі.
Жеке тексерістің  мәліметтенрі негізінде Мекемеде кәмелетке толмағандардың дамуындағы ауытқушылықтарының сипаттамасы туралы барлық мамандардың жалпы қортындысы шығарылады.
Мекеменің қорытындысы ұсыныс түрінде беріледі және кәмелетке толмағандардың ата-анасының немесе өзге де заңды өкілдерінің келісуі бойынша арнайы түзеу және басқа да білім беру ұйымдарына балалар мен жасөспірімдерді жіберу үшін негіздеме болуы мүмкін.  
Мекемеде келесі мамандар жұмыс істейді:
Әлеуметтік педагог – Болатова Үміт Мұқатайқызы,
Педагог-психолог – Атимова Зәуре Тоқтанқызы,
Дефектолог-мұғалім – Букенова Қымбат Мұхтарханқызы,
Логопед-мұғалім – Барабанова Ирина Анатольевна,
Сурдопедагог-мұғалім – Ахметова Гүлжан Шайдоллақызы,
Невропатолог-дәрігер – Жукова Ольга Константиновна,
Балалар психиатры – Жанарбаева Алмагүл Еркінқызы,
Офтальмолог-дәрігер – Айтхожин Бауыржан Сейітқазыұлы,
Медициналық статистик – Айтуарова Әсия Құмарқызы,
Регистратор – Нұрмағанбетова Нұргүл Нұрланқызы

Жаңалықтар

Президент Жолдауын талқылау

Ерекше білім қажеттіліктері бар балалардың негізгі мәселелері туралы

«Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға диагностикалық-консультациялық көмек көрсету»

«Лопедиялық төр бөлмесі»

ПМПК- ның денсаулық сақтау ұйымдарымен өзара іс-қимылдары.

ПМПК мамандарынын біліктіліктерін арттыру туралы

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер