Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Павлодар облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті

Павлодар облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті

Мекен-жайы мен телефон         Павлодар облысы,

                                                     Павлодар қаласы, П.Васильев көшесі, 17

                                                     8-7182-67-02-25

 

Құрылған күні                           11 сәуір 2016 жыл

 

Мақсаты                     Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу, мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға консультациялық көмек көрсету.

 

Облыстық психологиялық – педагогикалық түзету кабинетінде 71 педагог қызмет атқарады, олар оқыту-тәрбиелік, түзетушілік процесті жүзеге асырады. Жеке психологиялық, дефектологиялық, логопедтік түзету жұмыстарын жүргізеді, сонымен қатар түзету- дамытушылық ойынтерапия, музыкотерапия, еңбектерапия бағыттарында жұмыс жасайды.

 

Басшы                                        Сулейменова Зауре Абуовна

 

Құрылымы                           Павлодар облысының 11 психологиялық – педагогикалық түзету кабинеті

 

Жобалық қуаттылығы               60

 

Тәрбиеленушілер контингенті   263

 

Оқыту тілі                                    Қазақ, орыс

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Облыстық психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі №64/2 2016 жылғы 25 ақпандағы Павлодар облысының әкімдігі қаулысына  сәйкес құрылды.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні даму мүмкіндігі шектеулі балаларға   психологиялық-педагогикалық түзету және түзету-дамыта оқыту, олардың ата-аналарына кеңес беру, аталған санаттағы балаларға  түзету көмегін көрсету  мәселелерімен айналысатын ұйымдарға әдістемелік және ақпараттық көмек беру  болып табылады.
Коммуналдық мемлекеттік   мекеме   қызметінің  мақсаты  18 жасқа дейінгі  даму мүмкіндігі   шектеулі    балалар мен жасөспірімдерге   кешендік түзетушілік-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық    көмек     көрсету  болып  табылады.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа жету үшін қызметтердің төмендегідей түрлерін іске асырады:
1) көру,    есту    бұзушылықтары,    тірек-қозғалыс   аппараты,
сөйлеу дамуы кешеуілдеген балалар , түрлі дәрежедегі ақыл-ойы артта қалған, психикалық дамуы тежелген, тіл кемістігі, аутистикалық спектрде бұзылыстарға ұшыраған және өзге эмоционалды-ерікті бұзылыстарға ұшыраған балалар ,ауыр бұзушылықтар ,оның ішінде күрделі бұзылыстарға ұшыраған балалар, оның ішінде көру және есту қабілеті бұзылған балаларға көмек көрсету;
2) баланың    дамуының    әлеуметтік    жағдайы    есебінде    жеке    даму
бағдарламаларын дайындау және құру;
3) жеке, топтық, шағын топтық сабақтары түрінде түзету-дамыта оқытуды өткізу;
4) отбасы жағдайында мүмкіндігі шектеулі балалардың  тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша олардың ата-аналарына, педагогтарға  кеңестік  көмек көрсету;
5) жалпы білім беретін мекемелердің педагогтарына  даму  мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық жағдайы  мен мүмкіндік ерекшеліктері туралы көмек көрсету және  әдістемелік жетекшілік.
Коммуналдық мемлекеттік мекеме өз құрылымында облыстың әр аудан орталығында он  психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті бар

Балаларды     Коммуналдық мемлекеттік   мекемеге     қабылдау  психологиялық – медициналық-педагогикалық   кеңес беру мекемесінің   қорытындысы   негізінде   Коммуналдық мемлекеттік мекеме басшысы жүзеге асырады.
Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды Коммуналдық мемлекеттік мекемеге үнемі немесе уақытша тұруға қабылдау бос орын болған жағдайда жыл ішінде жүргізіледі. Коммуналдық мемлекеттік мекемеде Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен ата-аналар арасында (заңды өкілдері) келісілген  келісім-шарт болған жағдайда баланың орны сақталады.
Балаларды Коммуналдық мемлекеттік мекемеден шығару:Коммуналдық мемлекеттік мекеме мен ата-аналар арасында (заңды өкілдері) келісілген  келісім - шарт болған жағдайда немесе   оның Коммуналдық мемлекеттік мекемеде болуына кедергі болатын денсаулық
жағдайы туралы медициналық қорытынды негізінде басшылықпен жүргізіледі.
Мекеменің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Павлодар облысы, 141000, Павлодар қаласы, П.Васильев көшесі, 17-үй.
Мекемеде келесі мамандар жұмыс істейді:
Әлеуметтік педагог ,
Педагог-психолог ,
Мұғалім-дефектолог ,
Мұғалім-логопед ,
Мұғалім -сурдопедагог ,
Невропатолог-дәрігер ,

 

Мекемедегі жұмыс тәртібі

Дүйсенбі   09.00 – 18.30   13.00 – 14.30 түскі ас үзілісі
Сейсенбі   09.00 – 18.30   13.00 – 14.30 түскі ас үзілісі
Сәрсенбі   09.00 – 18.30   13.00 – 14.30 түскі ас үзілісі
Бейсенбі   09.00 – 18.00   13.00 – 14.30 түскі ас үзілісі
Жұма   09.00 – 18.30   13.00 – 14.30 түскі ас үзілісі
Сенбі, жексенбі – демалыс күндері

Екібастұз қаласының әкімдігі, білім беру бөлімі, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен жыл сайын «Екібастұз Балалар қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында «Ақ көгершін» шығармашылық байқауы өткізіледі. Байқауды өткізудің мақсаты мүмкіндігі шектеулі балалардың шығармашылық потенциалының дамуына және өзін - өзі реттеуге көмектесу, қоғамға мүгедектердің тиімді бірігуіне жағдай жасау, тәжірибе алмасу.

Екібастұз қаласының ППТК түзету көмегін алатын балалар осы байқауға белсенді қатысып, жүлделі орындар мен құрмет грамоталарға, сыйлықтарға ие болады.

Жаңалықтар

Жаңа жыл - сиқырлы мереке

Облыстық семинар

«Шығармашыл психолог» психологтарға арналған республикалық сырттай байқауына қатысу

Облыстық семинар

Ата - аналар жиналысы

Павлодар облысының психологиялық- педагогикалық түзету кабинетерінді ашық күндері

Ашық есік күні

Жаңа жыл шыршасында қонақта

«Лебяжі аудандық ППТК-дағы ашық есік күні»

«Қашыр аудандық ППТК-дағы ашық есік күні»

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер