Управление образования Павлодарской области


 

Павлодар ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Павлодар ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Мекен жайы, телефон

Павлодар қ., Семенченко көш., №26 мектеп аумағында орналқан,

тел.8-7182-21-21-51

 

Құрылған күні

 

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі 2017 жылғы 23 қаңтарда құрылды.

 

Тағайындалуы

 

Негізгі мақсаты – коммуналдық мемлекеттік мекеме 0 және 7 жас аралығындағы мүмкіндігі шектеулі балаларға түзету көмегін көрсетеді.

 

Басшының м.а.  

 

Кайсина Динара Мағжанқызы

 

Құрылымы

 

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті түрінде құрылды

 

Жобалық қуат 

 

120 бала

 

Оқыту тілі          

 

Қазақша, орысша

 

Балаларды оқытатын орны

 

Балалар түзету-дамыту сабақтарын психологиялық-педагогикалық түзеу кабинетінде қатысады

 

Қызметкерлер

 

Қызметкерлер саны – 9, оның ішінде администрациялық-кадрлық басқару – 2, оқытушылар 4, әлеуметтік оқытушы – 1, психолог – 1, дефектолог – 1, логопед – 1, ЕЖН – 1,техниктер – 3.

 

Жабдықталу

 

Психолог кабинеті, логопед, дефектолог, ЕЖН кабинеті, ӘТА кабинеті, сенсорлық бөлме, ойын бөлмесі,Монтессори бөлмесі, невропотолог кабинеті

 

 

Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Павлодар ауданының психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеті» коммуналдық мемлекеттік мекемесі «Павлодар облысы білім беру саласының коммуналдық мемлекеттік мекемесін құру туралы» №338/8 қаулысымен құрылды.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мәні даму мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық-педагогикалық тзету және түзету-дамыта оқыту, олардың ата-аналарына кеңес беру, аталған санаттағы балаларға түзету көмегін көрсету мәселелерімен айналысатын ұйымдарға әдістемелік және ақпараттық көмек беру болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты 7 жасқа дейінгі даму мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді түзеу-педагогикалық және әлеуметтік-психологиялық көмек көрсету болып табылады.

Коммуналдық мемлекеттік мекеме мақсатқа жету үшін қызметтердің төмендегідей түрлерін жүзеге асырады:

  1. Есту (кохлеарлы имплант), көру, сөйлеу, тірек-қимыл аппараты, эмоциалды-ерік салалары және мінез-құлық, интеллектісі бұзылған, психикалық дамуы тежелген, оқытуда қиын, күрделі бұзушылықтары бар балаларды психологиялық-педагогикалық түзеу, оңалту түрінде кешенді психологиялық-педагогикалық көмек көрсету;
  2. Бала дамуының әлеуметтік жағдайын ескере отыра, жеке даму бағдарламаларын әзірлеу және құру;
  3. Жеке, топ бөлігі немесе топ сабақтары нысанында тзету-дамыта оқытуды өткізу;
  4. Мамандар командасының бала проблемасын кешенді зерделеуі, баланың психологиялық, түзету-педагогикалық, әлеуметтік көмекте мүмкіндігі мен қажеттілігін бағалауды жүзеге асыру.
  5. Жалпы білім беретін мекемелердің педагогтарына даму мүмкіндігі шектеулі балалардың психофизикалық жағдайы мен даму мүмкіндігінің ерекшеліктері туралы көмек көрсету және отбасы жағдайында даму мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша педагогтарға, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) консультациялық көмек көрсету.

 

2018 жылғы "01" қазандағы жағдай бойынша білім беру ұйымының қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштері.

Жаңалықтар

There are no articles in this category. If subcategories display on this page, they may contain articles.