Мектеп волейбол лигасын құру, оқушылар арасында бұқаралық дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын дамыту, білім алушы жастарды дене шынықтыру мен спортқа ұдайы жұмылдыру, олардың салауатты өмір салтын ұстануға деген құлшынысын тәрбиелеу үшін 2013жылдың 2 қыркүйегінде өткен мәжілістегі облыс әкімінің орынбасары Д.Н. Тұрғановтың хаттамалық тапсырмасына сәйкес келесі жұмыстар атқарылды:
- жергілікті орындардағы тірек мектептер белгіленді;
- ұйымдастыру комитеттері құрылды, жауапты тұлғалар тағайындалды, мектепішілік, аудандық, қалалық, облыстық жарыстар ұдайы өткізіліп отырады. Ағымдағы оқу жылында қалалық және аудандық жарыстарға 248 командалар қатысып, қатысушы балалар саны 2300-ден асты (Қосымша 1).