Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560


 

АОТДТО бүгін

 

Қазақстанда салауатты өмір салты жалпыхалықтық идеяға айналып барады. Спортпен шұғылдану бұл – жай жалпы дене шынықтыру дайындығы ғана емес. Спорт салауатты бос уақытты ұйымдастырудың ең танымал формасы болып табылады және адамның дене бітімі мен адамгершілік қасиеттерінің жетілуіне зор мүмкіндіктер ұсынады.
Павлодар облысы әкімдігінің, Павлодар облысының білім беру басқармасының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы 2002 жылдан бастап қызмет етіп келеді.
Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығының мақсаты: Павлодар облысының білім беру ұйымдарында дене шынықтыру мен алғашқы әскери дайындық бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-тәжірибелік жұмыстарды жүзеге асыру болып табылады.
Павлодар облысының аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесінің орталығы бұл – Павлодар облысының жалпы білім беру мектептерінің, колледждердің, балалар үйлерінің, арнайы жалпы орта білім беру мектеп-интернаттарының дене шынықтыру әдіскерлері мен АӘД оқытушы-ұйымдастырушыларының, дене шынықтыру нұсқаушыларының жұмысын үйлестіретін орталық.
Орталықтың мекенжайы: 140000, Павлодар қ., Ак. Шөкин көшесі, 146, тел.: (8-7182) 31-06-30, e-mail: rupcfk@mail.ru

ОБЛЫСТЫҢ БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДАҒЫ ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ

«МЕКТЕПТЕГІ ШАХМАТ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУЫ

ӘДІСТЕМЕЛІК ӘЗІРЛЕМЕЛЕРДІҢ ОБЛЫСТЫҚ СЫРТТАЙ БАЙҚАУЫ

ЖАС МАМАНДАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

«ПАВЛОДАР ЕРТІС ӨҢІРІНІҢ СПОРТТЫҚ ДАҢҚЫ» ЖОБАСЫ

МҰҒАЛІМДЕРДІҢ БІЛІКТІЛІГІН АРТТЫРУ

ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҰМЫСТЫҢ ОДАН ӘРІ ДАМУЫ

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер