«Ұлы дала елі» фестивалі үшін М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогтары мен тәрбиеленушілері әдемі ұлттық билер мен мемлкеттік тілде шырқалған әндер, сонымен қатар таза ауда ойнатылатын белсенді балаларға арналған ойындарды арнайы әзірледі. Дәстүрге айналған этнофестиваль тамыз айының 12-13 күндері Ленинск ауылында Ертіс жағасының маңында өткізілген болатын.
5 мамыр күні М.М.Катаев атындағы Павлодар облыстық Оқушлар сарайында Ұлы Жеңіс қарсаңында «Еске сақтау» атты мұражай сабақтары өткізілді. Сабақтар тізбегі «Тарихқа жүрекпен ұмтылу...» облыстық жобасы аясында «Аталар-ардагерлер, немерелер-іззерттегіштер» атты мұражайында өткен болатын.
М.Катаев атындағы «Престиж» стилистер мектебі, «Стиль» шаштараз студиясы және «Креатив» дизайн студиясы 5 мамыр күні «Подиум» шаштаразшылар және тігіншілер өнерінің облыстық конкурсын өткізді. Оқушылар сарайының үлкен залында сән өнері көрсетілді.
2016 жылдың 31 наурыз күні мүмкіндіктері шектеулі балалар, көп балалы отбасының және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, ерекше қабілеттері мен дарындарын «Даңқ минуты» атты таланттар мерекесінде көрсете алды. Фестиваль М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында өтті. Фестиваль ұйымдастырушылары Оқушылар сарайының Балалар бейбітшілік орталығы болды.
Облыстық білім беру басқармасы М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайында домбырада шертуден екі бірдей дүркін мереке өткізді. 2016 жылдың 11 наурызында «Халық мұрасы» домбыра ансамбілдерінің фестивалінде ең үздік домбыра ұжымдары анықталды. Бұл додаға 10-17 жас аралығындағы 78 музыканттар мен 7 домбыра ұжымдары қатысты.
Жастар арасындағы әзіл қазіргі таңда сәнді әрі заманауи болып есептеледі. Жиналған қауымды күлдіріп, әзіл-сықақ ұйымдастыру үшін М.Катаев атындағы Облыстық оқушылар сарайында КВН командалары жиналды. Ақпан айында Қазақстан Республикасының 25-жылдығына арналған жасұландықтар арасында КВН өтті. Аталмыш ойын «КВН-мен өмір бойы» атты ұранымен өтті.
2016 жылдың 25-26 қаңтар күндері М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайы «Жас Ұлан» біріккен балалар-жасөспірімдер ұйымымен бірлесе отыра облыстық «Бала би» шешендік өнер сайысының іріктеу кезеңін өткізді. Конкурстың басты мақсаты қазақ тіліне деген сыйластықты тәрбиелеу, Тәуелсіз еліміздің көшбасшыларын шешендік өнерге баулу.
М.Катаев атындағы Оқушылар Сарайы 5 қаңтар күні қысқы каникулдың қызған кезінде павлодарлық оқушылардың уақыттарын тиімді өткізу үшін шақырды. Оқушылар сарайының әдістемелік бөлім және эстетикалық бөлім педагогтары мен әдіскерлері балаларға арналған ойындар, тренингтер, шеберлік-сыныптар мен шығармашылық кездесу бағдарламасын ұйымдастырды.