Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060

 

den-nezavisimosti-2019

 


 

Павлодар қаласының әкімі атынан Жаңа жылдық шырша өтті

 

   2018 жылғы 26 желтоқсан күні «Ертіс» қонақ үйі кешенінде Павлодар қаласының әкімі А.Қ. Күмпекеевтің қатысуымен «Ұлы даланың ғажайып жаңа жылы» атты Жаңа жылдық ертеңгілік өтті.
Шырша қатысушылары - жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар. Жаңа жыл мерекесі қатысушыларының жалпы саны 9 - 13 жастағы 150 бала. Жаңа жылдық шырша қатысушыларының барлығы ноутбук, сонымен бірге тәттілерден сыйлық жиынтығын алды.
Балаларды ертегі кейіпкерлері, Аяз Ата мен Ақшақар қарсы алды, театр қойылымы ұйымдастырылды, онда М. Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының тәрбиеленушілері мен педагогтары басты рөлдерді ойнады. Музыкалық нөмірлермен Оқушылар сарайының «Жас Дәурен», «Вдохновение», «Дебют», «Блэйз», «Свет Звезды», «Арман-шоу», «Анастасия», «Айдарай», «Жұлдыздар» үлгілі көркемөнер ұжымдары өнер көрсетті. Мереке соңында мерекелік дастархан жайылды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер