Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

126740621 maxresdefault

  Астананың 20 жылдығына арналған«Асқақ Ордам – Астана!» атты Жаңа жыл мерекесі облыстың аудандары мен қалаларында өткізілді.
  Жаңа жылдық қойылымдарға жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасыларының балалары, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістікке жеткен дарынды балалар қатысты. Жаңа жылдық салтанатты мерекелерге жалпы 5-13 жас аралығындағы 1844 бала қатысты.
Өңіріміздің балалары үшін әр түрлі тақырыптағы түрлі-түсті қойылымдар дайындалып, мультфильм кейіпкерлері мен аниматорлар және мерекенің басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақар балалардың көңіл-күйлерін көтерді. Мерекедегі әсем шырша, сиқырлы шамдар, мерелік тартулар балалардың ойында ұзақ сақталады.
Аудандар мен қалалардың әкімдері балаларды келе жатқан 2018 жылмен құттықтап, оқуда жақсы жетістіктерге жетуін және армандарының орындалуын тіледі.
Барлық балалар бағалы сыйлықтар мен тәтті жиынтықтар алды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер