Павлодар облысының білім беру басқармасы

Электрондық поштасы - kense.do@pavlodar.gov.kz

Қабылдау бөлмесі – 8 7182 32-09-65

Сенім телефоны:
8 7182 320560
Call-орталығы - 650060


 

IMG 2857

   Жаңа жыл, шырша, сыйлықтар...Жыл сайын бұл мерекені ең кішкентайларымыз ерекше сезіммен асыға күтеді.Міне, бүгін қалалық балалар баспанасының тәрбиеленушілері де жаңа жылдық ғажайыптардың келуін асыға күтті.Желтоқсан айының басынан бері, балалар мен үлкендер бөлмелерді әшекейлеп, жаңажыл алдындағымерекеліккөңіл-күйде болды.
  2017 жылдың 27-желтоқсанында«Жаңа жыл бізге қонаққа келді» -жаңажылдық қойылым болды.
  Аяз Ата және Ақшақар, Джек Воробей, Кикимора, Мыстан Кемпір, Әтеш және алдағы келе жатқан жаңа жылдың символы Ит балалармен бірге шыршаның айналасында ән айтты, би биледі, тақпақтар айтып, көңіл көтерді.
 Балдырғандарды мерекемен құттықтауғабаспананың қамқоршылық кеңесінің төрағасы Г.К.Аубанова, Департаменттер: ҰҚК, ҚАЖК "Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау Комитеті, Павлодар облысы бойынша қоғамдық денсаулықты Қорғау, "Казмедфарм" дәрігерлер мен провизорлар Қауымдастығы, "Амид" ЖШС фирмасы, "Данель" перзентханасы, "Замандас-Павлодар"ҚҚ, № 1 клуб Юнеско балалар көркемсурет мектебі – Билайнкомпаниясы,, №2 балалар саз мектебі, "Атриум"ЖШС сауда үйініңөкілдері келді.
Үлкендер балалардың орындауындағы әсем әндер мен билер үшін алғыстарын айтып, жаңа жылда барлық армандарының орындалуына, қысқы каникулды көңілді өткізулеріне тілек білдірді.
Әрбір бала жаңа жылдық жақсы көңіл-күй,тәтті сыйлық, ойыншықтарға ие болды.

 

 

 

Мемлекеттік қызметтер